Категория: Правила приёма 2013-2014 уч.г
Жарияланды 03 Маусым 2013

«Келісілген»

Павлодар облысы

білім беру басқармасының

басшысы

____________­­­­­­­­­­­­Б.М.Бексейітова                  

2013 жыл «_____»__________

 

«Бекітемін»

 №6 ПК КММ  директоры

 

 

____________Н.Е. Губин

2013 жыл «_____»___________

 

 

Павлодар қаласы «№6 Павлодар колледжі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесіне азаматтарды қабылдау ережелері

 

Жалпы ережелері

 

 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 19 қаңтарындағы № 130 қаулысымен бекітілген, «Техникалық және кәсіптік білім берудегі оқу бағдарламалары бойынша кадрларды дайындауды іске асырудағы білім беру ұйымдарына оқушыларды және олардың құжаттарын қабылдау» қызметін көрсету регламенті, Павлодар облысы әкімдігінің 2012 жылдың                       13 желтоқсанындағы № 349/12 қаулысымен бекітілген техникалық және кәсіптік білім берудегі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асырудағы білім беру ұйымдарының оқуға қабылдау үлгідегі ережелері негізінде 2013-2014 оқу жылына «№6 Павлодар колледжі» КММ оқушыларды оқуға қабылдау ережелері оқуға қабылдау тәртібін Қазақстан Республикасының                      2007 жылдың 27 шілдесіндегі «Білім туралы» заңына, 2011 жылдың                24 қазанындағы № 487 – ІV толықтырулары мен өзгерістеріне сәйкес белгілейді.

2. «№6 Павлодар колледжі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі-оқу мекемесі) негізгі орта (негізгі жалпы), жалпыға бірдей орта (жалпы орта), техникалық және кәсіби (бастауыш кәсіптік және кәсіптік орта) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналмайтын ұлты қазақ тұлғалар, сонымен қатар Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасына сүйене отырып, Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып келе жатқан шетелдік азаматтар және азаматығы жоқ азаматтар қабылданады.  

          Бастауыш кәсіптік білім беру оқу орнына оқуға қабылданушылардың құқықтары теңбе-тең.

3. Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асырудағы оқу орнына оқуға түскен кезде тұлғалар үшін Заңның 26 бабы 8 тармағымен белгіленген қабылдау квотасы қарастырылған:

1) І, ІІ топ мүгедектері ішінен азаматтар үшін, бала кезінен мүгедектер үшін, мүгедек балалар үшін 0,1 % жеңілдіктер;

2) 0,5 % соғыс мүгедектері, кепілдіктері мен жеңілдіктері бойынша соғысқа қатысқандармен теңестірілген адамдар үшін;

3) 30 % жеңілдіктер ауылдың әлеуметтік – экономикалық дамуын анықтайтын мамандықтарға ауыл жастары ішіндегі азаматтар үшін;

4) 2 % Қазақстан Республикасы азаматтары болып саналмайтын, ұлты қазақ тұлғалар үшін;

5) 1 % жетім - балалар мен ата-ана қамқорлығысыз қалған балалар үшін;

           4. Техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік), жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар азаматтар оқытудың қысқартылған мерзімін қарастыратын кәсіптік оқу бағдарламасы бойынша оқуға қабылдана алады. 

Осы санаттағы талапкерлер үшін  қабылдау емтиханының пәндерін   тапсыру түрі – әңгімелесу (мемлекеттік және орыс тілінде).

 

 

Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және оқуға түсу емтихандарын өткізу

 

5. Оқу орнының 2013 жылдың 20 мамырындағы  № 44 бұйрығына сәйкес, оқу мекемесінде азаматтардың оқуға түсу өтініштерін қабылдауды ұйымдастыру, әңгімелесу мен тесттілеуді өткізу және оқушылар құрамына қабылдау үшін қабылдау комиссиясы құрылған.

Оқуға қабылдау келесі мамандықтар бойынша жүзеге асырылады:

      1108000 Темір жолдың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету:

      біліктілік:

    1108072 Электровоз машинисінің көмекшісі, оқу мерзімі 2 жыл 10 ай – 30 адам

    1108062  Тепловоз  машинисінің көмекшісі, оқу мерзімі 2 жыл 10 ай – 30 адам

    1108052 Жолаушы пойызының жолсерігі, оқу мерзімі  10 ай  – 25 адам

    Мамандық:

     1203000 Теміржол көлігінде қозғалысты басқару және тасымалдауды ұйымдастыру: 

     Біліктілік: 1203012 Теміржол стансасының кезекшісі – 30 адам.              

             6. Қабылдау ережесі туралы ақпараттар, сонымен қатар қабылдау комисиясының өтініштерді қабылдауды ұйымдастыру бойынша шешімдері, қабылдау әңгімелесуді  өткізу кестесі, олардың нәтижелері түсушілерге уақытында жеткізіледі.

         7. Техникалық және кәсіптік білім беруде орта топтағы мамандарды дайындауды қарастыратын білім беру оқу бағдарламалары бойынша азаматтардың өтініштерін оқуға қабылдау 20  маусымнан  20 тамызға дейін іске асырылады.  

8. Оқу орнына оқуға түсу өтінішімен бірге түсушілер білімі туралы құжаттың түпнұсқасын, № 086-У нысанды медициналық анықтамасын, 3х4 мөлшеріндегі 6 фотосурет қоса тапсырылады.

Талапкердің жеке басын айқындайтын құжаттарды өзі, ата –анасы немесе заңды өкілі тапсыруы қажет.

Шетелдік және азаматтылығы жоқ тұлғалар  Қазақстан Республикасында  тұрақты тұруға құжаттары тіркеу белгісімен тапсырады:

шетелдік - Қазақстан Республикасында шетелдік адамдарға тұруға рұқсаты;

азаматтылығы жоқ тұлға – азаматтылығы жоқ тұлғаның  куәлігі;

босқын – босқын куәлігі;

баспана іздеп жүрген тұлға – баспана іздеп жүрген тұлғаның куәлігі;

оралман – миграциялық картасы немесе оралман куәлігі;

 Вен конвенциясы  консулдық байланысы туралы және Вен конвенция дипломатиялық байланысқа сәйкес осы талаптар елші қызметкерлеріне және консулдарға таратылмайды.

Қазақстан Республикасында уақытша туратын тұлға, миграциялық карточкасын немесе жеке басын айқындайтын құжаттардың көшірмесін тапсырады.

          Оқуға түсуші азаматтар үшін әңгімелесу 1-28 тамыз аралығында  өткізіледі.

          9. Әңгімелесу кезінде даулы мәселелерді шешу және талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, талапкерлердің лицейге  түсу кезінде құқықтарын қорғау үшін 2013 жылдың 20 мамырынан бастап № 45 бұйрық бойынша апелляциялы комиссия құрылды. Азамат қабылдау емтиханы нәтижесіне келіспеушілік білдірген жағдайда, апелляция беруге құқығы бар.

          Әңгімелесудің нәтижесін хабарланғаннан кейінгі келесі күннің сағат 13.00-не дейін апелляцияға өтініш беріліп, апелляция комиссиясы арыз иесінің қатысуымен тәулік ішінде қарастырылады.

          Апелляция комиссиясының шешімі комиссия құрамының көп дауыс беруімен қабылданады. Нәтиже теңбе-тең болған жағдайда комиссия төрағасы шешуші дауысқа ие.

 

                                  Оқушылар құрамына тіркеу

          10. Техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламалары бойынша оқушылар құрамына тіркеу 25 тамыздан 30 тамыз аралығында жүргізіледі.

     - мемлекеттік және орыс тілдерінде әңгімелесу негізінде;

     - негізгі орта немесе жалпы орта білім беру туралы құжаттарында көрсетліген пәндердің бағаларын есепке ала отырып конкурс өткізіледі.

Оқушылар құрамына тіркеу конкурсын өткізу кезінде көрсеткіштері тең болған жағдайда (анықтаушы құжаттары болғанда): жетім балалар, ата-ана қамқорлығысыз қалған балалар, соғыс мүгедектері мен соғысқа қатысушылардың кепілдіктері мен жеңілдіктеріне теңестірілгендерге, медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындыларына сәйкес белгілі бір білім беру ұйымдарында оқуға рұқсаты бар бала кезінен мүгедектерге, мүгедек балаларға,  үздік білімі туралы құжаттары (күәлігі, аттестаты, дипломы) бар азаматтар мемлекеттік тапсырыс бойынша айрықша құқыққа ие.  

11. Оқу орнына қабылдау лицейдің қабылдау комиссиясы ашық отырысында оқыту тілдері, кәсіптері, мамандықтары бойынша қарастырылады.

          12. Бастауыш кәсіптік білім беру оқу мекемесіне қабылданбаған азаматтардың құжаттары  әңгімелесуден кейін ата-аналар қолтаңбасы қойылып қайтарылып беріледі.

          13. Оқу мекемесіне қабылдау туралы ережелермен оқуға түсуші 25 тамыздан кеш қалмай таныстырылуы қажет.

          14. Ереженің регламентіне азаматтарды қабылдау бойынша енбейтін сұрақтарға оқу мекемесінің әкімшілігі өз бетінше шешеді.

         1. Мамандықтар бойынша азаматтарды топтарға қабылдау келесідей іске асырылады:

- мамандық бойынша медициналық қорытынды негізінде;

- білім туралы құжатының орта баллы негізінде;

- ата – аналардың қатысуымен әңгімелесуі негізінде;

- жасына байланысты, (жеке мамандықтары бойынша 15,5 жасқа толған болуы керек).

        2. Қабылдану кезінде айрықша құқыққа ие азаматтар:

- Отбасында теміржолшылар бар балалар;

- Жетім балалар, ата-ана қамқорлығысыз қалған балалар;

- Ауылдың (селоның) жастары;

- Кәсіпорындардан жіберілгендер;

- Үздік білімі туралы құжаттары бар тұлғалар.

       Қабылдау комиссиясының белгіленген мерзіміне сәйкес әрбір топ бойынша оқуға қабылдау  жүргізіледі.

       Азаматтарды қабылдау 30 тамызға дейін қорытындылау қажет. Сол мерзімде қабылдау жөнінде ақпараттармен абитуриенттер таныстырылады. Қабылдау жөнінде барлық сұрақтар №6 ПК қабылдау комиссиясы шешеді.

 

 

Қабылдау комиссияның жауапты хатшысы:                          Калиновская Н.В.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«№ 6 Павлодар колледжі» бойынша 2013 – 2014 оқу жылына

мамандарды дайындауға арналған

қабылдау жоспары

(күндізгі бөлімі)

 

 

 

Мамандық атаулары

Оқушылар саны

 

9 сынып негізінде

 

11сынып негізінде

 

барлығы

Оның ішінде мем. тілде

Бюджеттік топтарға қабылдау жоспары

(Облыстық білім беру басқармасының 2012 жылдың  06 мамырындағы №  1-05/166   бұйрығына сәйкес)

1108000 «Темір жолдың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету»

85

-

60

25

1203000 «Теміржол көлігінде қозғалысты басқару және тасымалдауды ұйымдастыру»

 

30

-

30

-

Барлығы:

115

-

90

25

Толық өтемақыға қабылданатын топтардың жоспары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әңгімелесу кезіндегі қойылатын сұрақтар:

 

  1. Неге бұл мамандықты таңдадың? Отбасында теміржолшылар бар ма?
  2. Бос уақытында немен айналысасың?
  3. Тәртібінде қандай да бір қиындықтар бар ма? Шылым шегемісің?
  4. Саған мектепте қандай пәндер қызығырақ болатын?
  5. Қандай үйірмелер мен секцияларға қатысасың?
  6. Қандай фильмдерді көруді ұнатасың? Қандай кітаптар оқисың? Неге?
  7. Саған ғылымдар ұнай ма?
  8. Саған қоғамдық жұмыстармен айналысу ұнай ма?
  9. Саған көрермендер алдында сахынаға шығып өнер көрсету ұнай ма?
  10. Белгіленген тәртіп бойынша өмір сүріп, күн тәртібін орындай аламысың?
joomla 1.8 joomla 1.8