Категория: Правила приёма 2013-2014 уч.г
Жарияланды 20 Маусым 2017

«Келісілген»

Павлодар облысы

білім беру басқармасының

басшысы

____________­­­­­­­­­­­­Б.М.Бексейітова                 

2017 жыл «_____»__________

 

«Бекітемін»

 ПТК КМҚК басшысы

 

 

____________Н.Е.Губин

2017 жыл «_____»___________

 

 

Павлодар қаласы «Павлодар теміржол колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына азаматтарды қабылдау ережелері

 

Жалпы ережелер

 

 1. 2017-2018 оқу жылына «Павлодар теміржол колледжі» КМҚК оқуға қабылдау ережелері оқуға қабылдау тәртібін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 19 қаңтарындағы № 130 қаулысымен бекітілген, техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алу үшін Үлгілік қабылдау ережелері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылдың 29 желтоқсанындағы № 919 қаулысы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы», 2017 жылдың 30 қаңтарындағы ҚР Білім және ғылым министрлігінің №35 «Қысқа мерзімді оқытуды және техникалық, кәсіптік білім беру кадрларын дайындауды ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы» бұйрығы, Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы «28» мамырдағы № 153/5 қаулысымен бекітілген, «Техникалық және кәсіптік білім беретін бағдарламалар бойынша қадрларды дайындауды жүзеге асыратын білім беретін ұйымдарына құжаттар қабылдау мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенті негізінде Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі «Білім туралы» Заңына сәйкес (2016 жылдың   9 сәуіріндегі жағдай бойынша толықтырулармен және қосымшалармен) белгілейді.

2. «Павлодар теміржол колледжі» КМҚК (бұдан әрі - оқу орны) негізгі орта (негізгі жалпы), жалпыға бірдей орта (жалпы орта), техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік және кәсіптік орта) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналмайтын ұлты қазақ тұлғалар, сонымен қатар Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасына сүйене отырып, Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып келе жатқан шетелдік азаматтар және азаматығы жоқ азаматтар қабылданады. 

          Бастауыш кәсіптік білім беру оқу орнына оқуға қабылданушы барлық азаматтардың құқықтары теңбе-тең.

3. Павлодар теміржол колледжіне оқуға түсу кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпанындағы № 264 «Орта және жоғарыдан кейінгі техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын, білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасын белгілеу туралы» қаулысымен бекітілген қабылдау квотасының мөлшері:

         1) І, ІІ топ мүгедектері, бала кезінен мүгедектер үшін, мүгедек балалар үшін 1 % жеңілдіктер;

2) кепілдіктер мен жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен соғысқа қатысушыларына теңестірілген тұлғалар үшін 0%;

3) 30 % жеңілдіктер ауылдың әлеуметтік – экономикалық дамуын анықтайтын мамандықтарға ауыл жастары ішіндегі азаматтар үшін;

4) 2 % Қазақстан Республикасы азаматтары болып саналмайтын, ұлты қазақ тұлғалар үшін;

5) 1 % жетім - балалар мен ата-ана қамқорлығысыз қалған балалар үшін қарастырылған.

         4. Техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік), жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар азаматтар үшін  қабылдау емтиханының пәндерін тапсыру түрі – әңгімелесу.

5. Оқуға қабылдау келесі мамандықтар бойынша жүзеге асырылады:

1108000 Темір жолдың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету

біліктілік:

110807 2 Электровоз машинисінің көмекшісі

(1108032 Жылжымалы құрамды жөндеу бойынша слесарь)

біліктілік:

110806 2 Тепловоз машинисінің көмекшісі

(1108032 Жылжымалы құрамды жөндеу бойынша слесарь)

1203000 Теміржол көлігіндегі тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару

         біліктілік:

        1203012 Теміржол стансасының кезекшісі

        (1203062 Жүкті және багажды қабылдап-тапсырушы)

1303000 Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару

         біліктілік:

1303022 Сигнал беру, орталықтандыру және блок қою құрылғыларына қызмет көрсету бойынша электромонтер

 

2.Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқыту  бағдарламаларын  жүзеге асыратын білім беретін ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі

 

Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және оқуға түсу емтихандарын өткізу

 

             6. ПТК қабылдау комиссиясы 2017 жылдың 30 наурызындағы № 31 бұйрығы негізінде құрылды және өз жұмысын 1 маусымнан бастайды.

          7. Оқуға азаматтарды қабылдау бойынша колледждің қабылдау комиссиясы жұмысын басқа аймақтарда ұйымдастыруы тиісті саланың құзыретті органдарының келісімімен шешіледі.

         8. Қабылдау ережесі туралы ақпараттар, сонымен қатар қабылдау комисиясының өтініштерді қабылдауды ұйымдастыру бойынша шешімдері, қабылдау әңгімелесуді  өткізу кестесі, олардың нәтижелері түсушілерге 2017 жылдың 30 тамызына дейін жеткізіледі.

         9. Техникалық және кәсіптік білім беруде орта топтағы мамандарды дайындауды қарастыратын білім беру оқу бағдарламалары бойынша азаматтардың өтініштерін оқуға қабылдау 2017 жылдың 20  маусымымен  20 тамызы аралығында іске асырылады. 

        10. Білім беру ұйымына оқуға қабылдау туралы өтінішімен бірге оқуға түсушілер:

    - білімі туралы құжаттың түпнұсқасын;

         - № 086-У нысанды медициналық анықтамасын флюросуретімен қоса (І, ІІ топ мүгедектері және бала кезінен мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптама);

         - 3х4 мөлшеріндегі 4 фотосурет қоса тапсырылады.

Талапкердің жеке басын айқындайтын құжаттарды өзі, ата –анасы немесе заңды өкілі тапсыруы қажет.

Бағдарламаға қатысушы үміткерлер өтініш беру кезінде еңбек кітапшасының көшірмесі (болған жағдайда), әлеуметтік көмек көрсетілетін, азаматтар санатын растайтын анықтама (болған жағдайда) қоса беріледі.

Шетелдік және азаматтылығы жоқ тұлғалар  Қазақстан Республикасында  тұрақты тұруға құжаттары тіркеу белгісімен тапсырады:

шетелдік - Қазақстан Республикасында шетелдік адамдарға тұруға рұқсаты;

азаматтылығы жоқ тұлға – азаматтылығы жоқ тұлғаның  куәлігі;

босқын – босқын куәлігі;

баспана іздеп жүрген тұлға – баспана іздеп жүрген тұлғаның куәлігі;

оралман – миграциялық картасы немесе оралман куәлігі.

Оқуға түсушілердің өтініштері оқытудың формасы бойынша тіркеу журналдарында тіркеледі.

          Оқуға түсуші азаматтар үшін әңгімелесу 1-28 тамыз аралығында  өткізіледі.

          11. Әңгімелесу кезінде даулы мәселелерді шешу және талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, талапкерлердің колледжге  түсу кезінде құқықтарын қорғау үшін 2017 жылдың 07 сәуірінен бастап № 33 бұйрық бойынша апелляциялы комиссия құрылды.

          Апелляциялық комиссия құрамына төраға, хатшы, апелляциялық комиссия мүшелері кіреді.

          Азамат әңгімелесу нәтижесіне келіспеушілік білдірген жағдайда, апелляция беруге құқығы бар.

          Әңгімелесудің нәтижесін хабарланғаннан кейінгі келесі күннің сағат 13.00-не дейін апелляцияға өтініш беріліп, апелляция комиссиясы арыз иесінің қатысуымен бір күннің ішінде қарастырылады.

          Апелляция комиссиясының шешімі комиссия құрамының көп дауыс беруімен қабылданады. Нәтиже теңбе-тең болған жағдайда комиссия төрағасы шешуші дауысқа ие.

3. Оқушылар құрамына тіркеу

 

12. Павлодар теміржол колледжіне тұлғаларды оқуға қабылдау негізгі орта немесе жалпы орта білім туралы құжатта көрсетілген профилды пәндер бойынша бағаларды ескеріп, іріктеу және әңгімелесу нәтижесі негізінде 25 тамыздан 30 тамыз аралығында іске асырылады. Қабылдау туралы ақпарат талапкерлердің мәліметіне сол мерзімде жеткізіледі.

13.Оқу орнына қабылдау колледждің қабылдау комиссиясының ашық отырысында кәсіптері, мамандықтары бойынша қарастырылады.

14. Оқу мекемесіне қабылдау туралы ережелермен оқуға түсуші 25 тамыздан кеш қалмай таныстырылуы қажет.

          15. Колледж белгіленген формалар мен мерзімдерге және қабылдауды өткізгеннен кейін білім алушыларды қабылдауды ұйымдастыру және өткізу бойынша мәтіндік есепке сәйкес Білім беру басқармасына жедел статистикалық есеп ұсынады.

          16. Осы Ережелерде регламенттелмейтін сұрақтарды ПТК қабылдау комиссиясы өз бетінше шешеді.

 

4. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың Бағдарламасы бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлардың дайындығын ұйымдастыру

 

17. Павлодар теміржол колледжі келесі мамандық бойынша құжаттарды қабылдауды іске асырады:

1108000 Темір жолдың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету

біліктілік:

110807 2 Электровоз машинисінің көмекшісі

(1108032 Жылжымалы құрамды жөндеу бойынша слесарь)

18. Бағдарлама қатысушылары оқу орындарына түсе алмаған 9-11 сынып түлектері, өмірлік қиын жағдайдағы жұмыс іздеп жүрген азаматтар және аз қамтамасыздандырылған отбасы мүшелері, сонымен қатар ҚР заңнамасымен белгіленген басқада санат азаматтары болып табылады.

19. Құжаттарды қабылдау білім беру саласындағы аудандық (қалалық) деңгейдегі жергілікті атқарушы органдарымен берілген жолдаманың негізінде іске асырылады.

20. Оқу орнына өтініш беру кезінде үміткерлер келесі құжаттарды ұсынады:

- үміткердің жеке басын растайтын, құжаттың көшірмесі;

     - білімі туралы құжаттың түпнұсқасын;

         - № 086-У нысанына сәйкес денсаулығы туралы медициналық анықтама;

         - әлеуметтік көмек көрсетілетін, азаматтар санатын растайтын анықтама (болған жағдайда).

Талапкердің жеке басын айқындайтын құжаттарды өзі, ата –анасы немесе заңды өкілі тапсыруы қажет.

21.Топтарды іріктеу 20 маусымымен 20 тамыз аралығында өткізіледі.

22.Бағдарлама қатысушыларын қабылдау оқу орнының басшысымен іске асырылады.

23.Оқыту тегін.

 

 

  Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы:                          Н.П.Алимова

2017 – 2018 оқу жылына «Павлодар теміржол колледжі» КМҚК  

мамандарды дайындауға арналған қабылдау жоспары (күндізгі бөлім)

 

 

Мамандық атауы

 

 

Біліктілік атауы

Оқушылар саны

 

9 сынып негізінде

 

11сынып негізінде

 

барлығы

Оның ішінде мем. тілде

Бюджеттік топтарға қабылдау жоспары

1108000 «Темір жолдың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету»

1108072 Электровоз машинисінің көмекшісі

1108032 Жылжымалы құрамды жөндеу бойынша слесарь

25

 

25

 

1108000 «Темір жолдың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету»

1108062 Тепловоз машинисінің көмекшісі

1108032 Жылжымалы құрамды жөндеу бойынша слесарь

25

 

25

 

1203000 «Теміржол көлігіндегі тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару»

 

1203012 Теміржол стансасының кезекшісі

1203062 Жүкті және багажды қабылдап-тапсырушы

25

 

25

 

1303000 Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару

 

1303022 Сигнал беру, орталықтандыру және блок қою құрылғыларына қызмет көрсету бойынша электромонтер

25

 

25

 

Барлығы:

 

100

 

100

 

             

                                                       

2017 – 2018 оқу жылына «Павлодар теміржол колледжі» КМҚК  

Бағдарлама бойынша мамандарды дайындауға арналған қабылдау жоспары

(күндізгі бөлім)

 

 

Мамандық атауы

 

 

Біліктілік атауы

Оқушылар саны

 

9 сынып негізінде

 

11сынып негізінде

 

барлығы

Оның ішінде мем. тілде

Бюджеттік топтарға қабылдау жоспары

1108000 «Темір жолдың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету»

1108072 Электровоз машинисінің көмекшісі

1108032 Жылжымалы құрамды жөндеу бойынша слесарь

25

25

 

 

Барлығы:

 

25

25

 

 

             

 

 

 

 

Әңгімелесу кезіндегі қойылатын сұрақтар:

 

  1. Неге бұл колледжді таңдадың?
  2. Неге бұл мамандықты таңдадың? Отбасында теміржолшылар бар ма?
  3. Оқу орнын таңдаған кездегі ең маңызды болып табылатын бес негізгі белгілерді атаңыз.
  4. Мектептегі ең сүйікті пәндеріңіз қандай?
  5. Қандай олимпиадаларға қатыстын?
  6. Өзінің жақсы және осал жақтарынды ата.
  7. Тәртібінде қандай да бір қиындықтар бар ма? Зиянды әдеттеріңіз бар ма?
  8. Саған мектепте қандай пәндер қызығырақ болатын?
  9. Қандай үйірмелер мен секцияларға қатысасың?
  10. Қандай фильмдерді көруді ұнатасың? Қандай кітаптар оқисың? Неге?
  11. Саған ғылымдар ұнай ма?
  12. Өзіңізді жанжал шығарушы адам деп есептейсізбе?
  13. Саған қоғамдық жұмыстармен айналысу ұнай ма?
  14. Саған көрермендер алдында сахнаға шығып өнер көрсету ұнай ма?
  15. Белгіленген тәртіп бойынша өмір сүріп, күн тәртібін орындай аламысың?

 

 

joomla 1.8 joomla 1.8