Категория: Директордың сөзі
Жарияланды 13 Желтоқсан 2012

Губин Николай Евгеньевич

 

1957 жылы Кемеров облысы Прокопьев қаласында дүниеге келді.  

1989 жылы Павлодар индустриалды институтын инженер-электрик мамандығы бойынша бітірді. Еңбек қызметін 1974 жылы Павлодар телеграф – телефон станциясында байланыс электромонтёры болып бастады. 1975 жылдан 1978 жыл аралығында теңіз әскері қатарында қызмет атқарды. 1978 жылдан 1982 жыл аралығында Павлодар индустриалды институтында оқу шебері болып жұмыс істеді. 1982 жылдан бастап №6 Павлодар колледжінде өндірістік оқыту шебері, 1987 жылдан 1992 жыл аралығында аға шебер, 1996 жылдан 1999 жыл аралығында директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. 1999 жылы оқу орнының директоры болып тағайындалды. Үйленген. Екі баласы бар.